Облыстық «Үздік оқырман отбасы» байқауының жеңімпазы Ибрашевтар отбасы референдумда қатысып, дауыс берді.

Отбасы Халықаралық отбасы күніне орай Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы – 2025»облыстық байқауының бас жүлдегері.
Дараланып, өнері мен өнегесін қатар өрген, кітапқа деген махаббатты ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, оқырмандық мәдениетті отбасы құндылығына айналдырған Жеңіс Ибрашев пен Бақыт Молдагерееваның отбасы — рухани тәрбиенің, берік бірліктің, кітапқа деген адалдықтың үлгісі болыпкөзге түсуде.

Бұл жанұя көп балалы, жас ұрпақты білімге, ойлы көзқарасқа тәрбиелеуді басты құндылық санайды. Осындай рухани байлықты бойына сіңірген отбасы мүшелері референдум учаскесіне арнайы келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлестерін қосты.
– Әр азамат ел өміріндегі маңызды сәттерде белсенділік танытуы керек. Біз үшін кітап оқу мен білім іздеу қаншалықты маңызды болса, қоғам өміріне араласып, өз пікірімізді білдіру де соншалықты маңызды, – дейді отбасы мүшелері.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы
#Референдум2026
#МенДауысБердім
#ЕлімҮшінТаңдау #РеферендумғаБардым