11.11.2022, 23:29
Оқылды: 5

Кітапхана – өркениеттің мекені

Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінің фойесінде аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана – өркениеттің мекені» атты жылды қорытындылау шарасы өткізілді.

1668186372171

Шарада Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына «Ұлтым деп өткен ұлт ұстазы», Балалар жылына орай «Әлемді кітап арқылы танимын», апталық және «Дастархан fest» фестивалі мен жаңа әдебиеттерден құралған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

1668186392563
Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев барша кітапханашыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев те өзінің жүрек жарды тілегін жеткізді. Қорытынды шарада аудандық, ауылдық округ кітапханаларының бір топ қызметкері алғыс хатпен марапатталды.

1668186346982
Кеш барысында аудан өнерпазы Мейрамгүл Дәулетқалиева «Жақсы адамдарым» әнін шырқаса, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Тамара Кафарова «Кітапханашылар» әнімен көрерменнің көңілін көтерді. Сонымен қатар аудандық саз мектебінің оқушысы Айназ Ерназар «Отан» әнін орындады. «Кітапхана – балалар ақылшысы» атты жыл қорытындысы бойынша балаларға арналған әдебиеттерді көп оқыған, шараларға белсене қатысқан 1-4 сынып арасындағы «Супер балақай-2022» оқушыларына сыйлықтар табысталды.
Кеш аудандық модельді балалар кітапханасы оқырмандарының орындауында «Кел досым, кітапханаға» әнімен аяқталды.

Лаура Қалы,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале