27.04.2018, 10:23
Оқылды: 21

Кітапханалар арасында библиобаттл өтті

Бүкіл дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітаппен бірге – жарқын болашаққа» атты Орал қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты қалалық кітапханалар сынға түскен библиобаттл өтті.

-  Бұл шара Батыс Қазақстан облысы  бойынша жаңадан ашылып жатқан жоба. Осы жобаны біз бастап жатқанымызға қуаныштымын. Бұл жерден негізінен кітапханашылардың кітапты қаншалықты көп оқитыны, кітап әлемін қаншалықты көп білетіні сынға түседі. Екі топ бір-біріне сұрақтар қояды, сонымен бірге әділ қазылар алқасы да сұрақтар қояды. Сонан соң прозадан, поэззиядар әртүрлі көріністер көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салады. Қалай болғанда да негізінен кітапты насихаттау бағытында, мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл жаңа жоба болғандықтан эстафетаны басқа аудандар жалғастырады деп сенеміз, - дейді орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Дариға Нұрашева.

Әділқазылар алқасының шешімінше екі жақ та жақсы, жоғары деңгейде дайындалған, сол себепті «достық» жеңді!

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале