Таяуда Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты балалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Ізденістен даму мүмкіндігіне» атты аудандық семинар практикум ұйымдастырылды.
Семинарға облыстық Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, аудандағы балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының қызметкерлері онлайн (ZOOM) арқылы және ОКЖ кітапханашылары қатысты.
Семинар көпшілік шараларды ұйымдастыру барысындағы жұмыстарға әдістемелік бағыт беру, бүгінгі технология қарыштап дамыған заманда оқырманды кітапханаға тарту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында өтті.
Жиын барысында көңілді тренинг, топтық жұмыстар жүргізіліп, балалар кітапханасының әдіскері А.Рысбайқызы «Kitap Fest» кітап фестивалін өткізу бағытын, «Tasti book» тәтті кітап, «Омарташы», «Сиқырлы қоржын» жобаларымен толық таныстырып, жасөспірімдермен жұмыс жасауда жаңа инновациялық технологиялармен бөлісті.
Шара барысында «Библио квест» ойыны өткізіліп, ауылдық кітапхана кітапханашылары «Еркін микрафон» тақырыбында ашық әңгіме өрбітіп, ұсыныстарын айтты.
Кеш соңында кітапханашылар арасында «Color parti» түрлі-түсті көңілді кеш өтті.
Райымбек Абай,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz