26.03.2022, 10:20
Оқылды: 13

Қоғам қайраткеріне арналған турнир

Кеше «Jastar» спорт кешенінде Жаңақала ауданының қайта құрылғанына 50 жыл толуына орай және белгілі қоғам қайраткері, Жаңақала аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Сапаров Сатқали Сапарұлын еске алуға арналған шағын футболдан аудандық ашық турнир өтті. 

IMG-20220326-WA0077

Жарыстың ашылу салтанатына ақын, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Закария Сисенғали, қоғам қайраткерінің ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері және жарысты тамашалауға келген көрермен қауым қатысты.

IMG-20220326-WA0059

Бұл турнир бірнеше жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді. Биылғысы ауданымыздың қайта құрылғынына да орайлас келіпті.

IMG-20220326-WA0071

Аудандық ашық турнирге 13 команда қатысты. Сайдың тасындай мықты спортшылардан құралған командалар бақ сынаған шағын футбол тартысқа толы болып, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.

IMG-20220326-WA0068

Жарыстың нәтижесінде қарсыластарының бәрінен басым түскен «Petro-Unit» (Орал қаласы) командасы жеңімпаз атанды. Жеңімпаз болып, мойындарына медаль, қолдарына кубок ұстаған спортшы жігіттерге 120 мың теңге сертификат табысталды.

IMG-20220326-WA0062

Жүлделі ІІ орын жерлес Жаңақала ауданының командасына (80 мың теңге сертификат) бұйырса, үздік үштікті «Сарыөзен-Бостандық» командасының спортшылары (60 мың теңге сертификат) түйіндеді.

IMG-20220326-WA0064

Бекзат Меңдібаев (Бөрлі ауданы) - «Үздік ойыншы» номинациясына ие болса, Ғанимұрат Ғиниматов (Қазталов ауданы) – «Үздік қорғаушы» бағамына лайық деп танылды. «Үздік қақпашы» номинациясы Мейрамбек Жолдығалиевке (Жаңақала ауданы) бұйырды. Үздік шыққан спортшыларға диплом және ақшалай сыйлықтар табысталды.

IMG-20220326-WA0058

Оқырмандарымыздың естеріне сала кетейік, бұл жарыс 2013 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді. Жарыстың бас демеушілері – Сатқали Сапарұлының ұрпақтары.

IMG-20220326-WA0057

Еңбегі сіңген, елінің есінде сақталған тұлғаларға арналған осындай турнирлердің берері мол.

IMG-20220326-WA0056

Өңірімізде өмірден өткен қаншама белгілі һәм беделді жандар бар. Солардың барлығына арнап жыл сайын спорттық жарыстардан турнирлер өтіп жатса ғажап емес пе? Жазып отырған мақаламыз сондай жандардың ұрпақтарына ой салады деген үміттеміз...

Жанайдар Болатбекұлы,

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале