6.03.2025, 10:45
Оқылды: 144

Қоғам тәртібі қатаң қадағалануы тиіс

Шыңғылау аудандық ішкі істер бөлімінде "Құқықбұзушылықтардың алдын алу және заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету тақырыбында  түрлі білім беру нысандары басшылары, ішкі істер бөлімінің жеке құрамы және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кездесу жиыны өтті.

Изображение WhatsApp 2025-02-28 в 12.06.47_da5eeae6

Қазіргі қоғам алдындағы бірқатар өзекті мәселелерді қозғаған келелі кездесуді аудан прокуратурасы ұйымдастырып отыр. Келелі жиынға аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев, аудан прокуроры Серік Орынғалиев, аудандық сот судьясы Нұрлан Ердібеков қатысты.

Бүгінгі күннің басты алаңдаушылығына айналып отырған, қоғамда кең таралып кетіп, халықтың наразылығын тудырып жүрген интернет-алаяқтық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, оқушылар мен жастар арасындағы  қатыгездік іс-әрекеттер,  тәртіп сақшыларының қарапайым азаматтарға заң аясынан тыс әдепсіз, өкілеттігін асыра пайдалану жағдайлары туралы талқыланды аталмыш жиында.

Сот судьясы тәртіп сақшыларының халыққа қызмет етуші екенін және бір атап өтіп, азаматтарға әдепті, кішіпейіл қарым-қатынас жасауын ескертіп өтті. Ішкі істер бөлімінің бастығы Сергей Астафьев аудандағы тәртіп пен заң талаптарын сақтау бойынша ахуал мен атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.

Изображение WhatsApp 2025-02-28 в 12.06.47_ba58d9c0

Аудан бойынша өткен жылы 6 қылмыс тіркелген, оның 75 пайызы ашылған, анықталған қылмыстар, 311 әкімшілік құқыбұзушылықтар жасалған, оның 101 -і құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатын қайшы келеді. Бұлардың 15-і отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету (әкімшілік құқыбұзушылық туралы Заңның  73-бабы), 1 үйден заңсыз алькаголді ішімдік сату жағдайы (ӘҚҚ 200- бап), ауылшаруашылық жануарларын жою қағидаларын бұзу фактілері(408- бап), басым көпшілігі 440-бапқа сәйкес қоғамдық орындарда мас күйінде жүру және кәмелетке толмағандардың көшеде жүруі сияқты жағдайлар.  Жалпы көлемі 2 млн. 875 мың айыпұл салынып, 2 млн.329 мың теңге өндірілген.

Аудан прокуроры Серік Орынғалиев бүгінгі қоғамда психологтар жұмысын күшейту, жасөспірімдер арасында суицидтік жағдайлардың алдын алу, қарамағындағы мекемеде болып жатқан балалар қатігездігі жағдайларына білім беру орындарының басшыларының әрекетсіздік таныту және жасыру фактілері бойынша тікелей жауаптылығы, қате қадамдардың апарып соғатын жері қандай болатынын балалар санасына мықтап сіңіру мақсатында уақытша ұстау изоляторларына экскурсия жүргізу, білім орындары және аудан мекемелері бойынша бейнекамералар жұмысын дұрыс жолға қою сынды кезек күттірмейтін аса маңызды жұмыстар туралы айтып өтті.

Жиында Шыңғырлау аудандық полиция бөліміне құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу үшін  атқарылып жатырған жұмыстар туралы жергілікті прокуратураға және полиция басшылығына апта сайын есеп беру арқылы аудандық инспекторлар мен кәмелетке толмағандармен жұмыстанатын ішкі істер мамандарының жұмысын күшейту, тіркеудегі азаматтармен профилактикалық жұмыс жасауда полиция қызметкерлері жұмысындағы формализмді жою, бақылау істерінде бейне жазбамен жұмыстана отырып, істі сапалы жүргізу және аяқтауды қамтамасыз ету, Шыңғырлау ауданының пробация қызметінде пробация есебінде тұрғандармен жұмыстануда нормативтік-құқықтық актілерді мүлтіксіз сақтау, қайталап қылмыс жасауға бейім тұлғаларды жіті бақылауда ұстау және күнделікті тұрағын тексеріп отыру, оларды жұмыспен қамту бағытында тиісті құзырлы органдармен белсенді жұмыс жасау, тіркеуде тұрған тұлғаларды бақылау істері бойынша барлық қажетті құжаттамаларды, «Қосымша элемент» электронды карталарын жоғары сапада толтырып отыру жүктелді.

Ал, аудандық білім бөліміне балалар арасындағы суицидтік мінез-құлықты тудыратын мазмұндар мен жағдайларға талдау жасауда белсенді жұмыстану және автоматтандырылған жүйелерді пайдалану, әлеуметтік желілердің, форумдар мен басқа да интернет платформалардың мониторингін ұйымдастыру, мектептердегі басшыларға немесе оқушыларға қысым жасау, қорқыту фактілері туралы дереу хабарлауды ұйымдастыру, тағы басқа маңызды іс-шаралар және жүргізіліп отырған жұмыстар туралы әр айдың 25- де есеп беріп отыру тапсырылды.

Аудан әкімшілігіне құқбұзушылықпен тіркелген жандарды қайта әлеуметтендіруге, сондай-ақ түсіндіру жұмыстары мен алаяқтық, есірткі қылмыстарының алдын алу бағытталған жұмыстарға қаражат бөлу мәселесін қарастыру, алаяқтық жасаудың жалпы амалдары мен әдістерін түсіндіру мақсатында сақтану шаралары мен бұғаттау тәсілдері жайында нұсқаулық кітапшалар таратуға қолдау көрсетуі айтылды.

                                                                                           Қаршыға Асу,

 Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале