27.01.2025, 17:45
Оқылды: 244

Қоғам жанашырына құрмет 

 

Казталов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов ауданымыздың “Құрметті азаматы”, еңбек ардагері Уәлиолла Әбішевті мерейлі 75 жасымен арнайы құттықтап, алғысхат табыстады. 

image-27-01-25-04-35-1

Бүгінде ардагерлер ұйымының атқарып жүрген әр ісі, жастарға берер тәрбиесі мен өнеге-өсиеті нағыз жанашырлықтың көрінісі. Міне, осы салада абыройлы қызмет еткен Уәлиола Әбішев ағамызды көпшілік қоғам жанашыры ретінде таниды. Еліміздің ертеңін ойлап, қоғаммен қатар елге қызмет қылып жүрген санаулы ардагерлеріміздің бірі әрі бірегейі.

image-27-01-25-04-35-2

Ауданның өсіп-өркендеуіне, ауылшаруашылық саласының кеңінен қанат жаюына үлес қосып, саясаттың семсерін мықты ұстаған ардагеріміздің қоғамда атқарып жүрген ісі де, жастарға табыстар аманаты көп екенін баршамыз білеміз!

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов еңбек ардагерінің өнегелі өмірінен сыр шертіп, атқарып жүрген еңбектеріне тоқталды.

 Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале