8.09.2025, 16:58
Оқылды: 290

Қоғамды алға жетелейтін жаңашылдық

Мемлекет басшысының жастар туралы айтқан сөздері біз үшін үлкен қолдау болды. Шынында да, қазіргі жастардың көпшілігі қоғамды алға жетелейтін жаңашылдық пен білімге ұмтылады. Біз үшін патриотизм – тек ұрандату немесе әсіре көзқарастарға еріп кету емес, елге нақты пайда әкелу. Жаңа технологияларды меңгеріп, стартап ашып, ғылыммен айналысу – еліміздің дамуына қосылған үлес.

IMG-20250908-WA0047

Әсіре діншілдік пен әсіре ұлтшылдық қоғамды ілгері бастырмайды. Керісінше, бізге біріктіретін құндылықтар қажет. Бүгінгі қазақ жастары әлемдік білім мен ғылымға ашық, бірақ сонымен бірге ұлттық болмысын сақтап, мәдениеті мен тілін дамытуға күш салуда.

Президент атап өткендей, біздің арманымыз – Қазақстанды озық технологияларды игерген, өркениетті мемлекеттер қатарына қосу. Бұл жолда жастардың рөлі ерекше, ал біз өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

Мерхат Ибатов,

"IM cinema" IT орталығының негізін қалаушы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале