25.03.2022, 16:00
Оқылды: 94

Қоғамдық қабылдау дарияндықтардың көңілдерінен шықты

Бәйтерек аудандық мәслихат депутаттары Дариян ауылына келіп, қоғамдық қабылдау жүргізді. Елді толғандырған мәселелерді жиып, оның шешу жолдарын көрсету мақсатында оздырылған шараға аудандық мәслихат хатшысы Нұрлыбек Хайруллин, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Тілекбай Төлепқалиев және депутаттар қатысты. 

smart

- Бұл шараны жергілікті атқарушы құрылымдарының ашықтығын қамтамасыз ету бағытында ұйымдастырып жатырмыз. Тұрғындар көбіне жер телімі,тұрғын үй кезегіне тұру және басқа да шешімін күткен мәселелерді көтереді. Сондықтан аудан депутаттары әр ауылды аралап, халықпен кездесуді жөн көрдік. Өйткені аудан басшылығы елді толғандырған сұрақтарды білуі керек. Кейін қабылдаудың қорытындысына сараптама жұмыстары жүргізіліп, ең басты деген мәселелер түрлі жиындарда басшылық алдына қойылады,- деді аудандық мәслихат хатшысы Нұрлыбек Хайруллин.

smart

Қоғамдық қабылдауға келген жан қарасы көп болды. Біраз тұрғынға жаңадан сайланған мәслихат хатшысы Нұрлыбек Хайруллинмен сөйлесуге мүмкіндік туды. Болмысы қарапайым мәслихат хатшысы әр азаматтың уәжін байыппен тыңдап, шешу жолын көрсетті.

Сондай-ақ шараға қатысқан депуттар тарапынан білім, денсаулық, инфрақұрылымды дамыту, экология,табиғатты пайдалану және техногендік процестер мәселелері, бюджет, жұмысқа орналасу, жеке үйлерінің құжаттарын реттеу, жер телімдерінің берілуі, Абай мектеп-гимназия-интернатына оқушылардың спорттық жарыстарға баруы үшін көлік қажеттілігі жөнінде қойылған сауалдарға нақты жауаптар берілді.

smart

Шара соңында депутаттарға риза болған тұрғындар қолжетімді ашық алаң жасақталғанына ризашылықтарын білдіріп, мұндай бағыттағы қоғамдық қабылдауларды жиі өткізу керектігін айтты.

smart

Қоғамдық қабылдаудан кейін депутаттар Дариян ауыл орталығындағы «С.Каверин» май зауытына барды. Оларды қабылдаған кәсіпорынның бас есепшісі Ольга Зиновьева біраз адамды жұмыспен қамтып отырған жердің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Одан соң Дариян ауылдық әкімшілігінің акт залында аудандық мәслихат хатшысы Нұрлыбек Хайруллиннің төрағалығымен Бәйтерек ауданы мәслихатының тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа Дариян ауылындағы қоғамдық кеңес мүшелері, Трекин ауылдық округінің әкімі Мәлік Сейітов,№2 аудандық аурухана директоры Ғабитжан Ислямов қатысты.

Жиынның күн тәртібіне сай алдымен Трекин ауылдық округінің әкімі Мәлік Сейітовтың округтің әлеуметтік-экономикалық дамуымен 2021 жылы атқарылған және 2022 жылға жоспарланған жұмыстары жайында  баяндамасы тыңдалды. Ауылнай депутаттар тарапынан қойылған қар аршу, күл-қоқыстарды шығару,Жайық ауылындағы жаңадан бой көтеретін мектептің қаржы жағдайы,мердігермен тиянақты жұмыс жүргізу,сол ауылдың маңындағы саяжайда тұратын тұрғындарды тексеру, ауыл тұрғындарын бір жерге жинақтау,электр жарығын қалыпқа келтіру туралы сұрақтарына жауап берді.

smart

smart

Әр сауалға жете тоқталар болсақ, Трекин ауылдық округінің әкімі Мәлік Сейітовтың сөзінше, биылғы жылы қардың көп болуына байланысты ауыл шетіндегі қарды сайға қарай ысыру жұмысы ойдағыдай атқарылыпты. Ол үшін әкімшілік қолда бар техниканы толығымен пайдаланған. Десе де, кей кездері аталған жұмысты толық атқаруға техниканың аздығы кедергі болыпты.

- 2022 жылы Жайық ауылының ауылішілік жолдарын асфальттау, Володар ауылындағы «Солтүстік-Батыс» ТЖЖ шағын ауданына газ,су жүргізу жұмыстары,Трекин,Володар,Новенький ауылдарындағы стихиялық қалдықтарды шығару жұмыстарын жалғастыру,Трекин ауылындағы тұрмыстық қалдықтар полигонын қоршау жұмыстарын жүргізу,Трекин,Володар, Новенький,Жайық ауылдарының көше шамдарын ауыстыру, Новенький,Володар ауылдарына кіреберіс жолдарын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау сынды жұмыстар атқарылады. БиылЖайық ауылында 108 орындық модульдік мектеп құрылысын салуға қажетті жер телімі берілді. Құрылыс жұмыстары басталады деп күтудеміз, - деді Трекин ауылының әкімі Мәлік Сейітов.

Сонымен қатар Жайық ауылына медициналық пункт салу,Трекин ауылының 7 шақырымы және «Арман» шағын ауданына көше жарығын жүргізудің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталғанын да жеткізген ауылбасы оған қажетті қаражат бөлуін сұрады.

Одан соң Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов өз баяндамасын жасап, осы кезге дейін атқарылған жұмыстарына тоқталды.

Оның айтуынша, биылғы жылы қар аршу кезіндеарнайы қар аршитын,тасымалдайтын көлігінің жоқтығы қиындық туғызған екен. 2022 жылы орталық көшелердегі ескірген шамдарды жаңа светодиодтық лампаға ауыстыру,босаған лампаларды көшелерді жарықтандыру жүйесін кеңейтуге жұмсау жоспары бар екенін де дарияндық әкім атап өтті.

Ауылішілік жолдардың күрделі жөндеуін әрі қарай жалғастыру,орталық саябақты абаттандыру және көшеттерді отырғызуды жалғастыру,ауыл саябағын толықтай жарықтандырып, жаяу жүргіншілер жолдарынсалуға керекті жобалық-сметалық құжаттама дайын екенін де Тілек Насырұлы ерекше атап өтті. Ол жұмысты аяқтау үшін де қаражат керек екен.

- «Орал-Кирсаново» тас жолы бойынан Дариян ауылындағы «Москвичи» жанар-жағар май құю станциясына дейін,Л.Толстой көшесінен И.Шкилев көшесіне дейін, Дариян қазақ мектеп-гимназия-интернатының алдында және Балдырған көшесі, Дариян қазақ мектеп-гимназия-интернаты артқы жағынан Шолохов көшесіне дейін 65 жаңа көше шамдарын орнату, Озерный ауылындағы шеткі көшелерді жарықтандыруғажобалық-сметалық құжаттар әзір,тек қаржы күтудеміз,- деді ауылнай өз сөзінде.

Отырыстың күн тәртібіндегі үшінші мәселесі «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау»ұлттық жобасының іске асыру барысы туралы № 2 аудандық аурухананың директоры Ғабитжан Ислямов баяндама жасады.

Баяндамадан кейін депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауаптар берген аурухана басшысы біраз ауылда жедел жәрдем көлігінің тозығы жеткендігін жеткізді.

Жиын барысында аудандық мәслихат депутаты Есен Сүндетов Раздольный ауылындағы фельдшердің медпункттің бір бөлігін құжаттандыру мәселесінің не себепті шешілмей келе жатқанын, сондай-ақ мәслихат депутаты Валентина Стародубец Дариян ауылының тұрғындарының дәріханада не себепті күнделікті өмірде пайдаланатын дәрілердің болмауы, тегін берілетін дәрінің не себепті кешеуілдетіп берілуі және аурухана қызметкерлерінің ғана санаторийға баратындығы,есепте тұрған пациенттің не себепті санаторийлік демалыс орындарына бара алмайтындары жайындағы сауалдарын аурухана басшысына жеткізді.

Ол мәселелермен жете таныс екенін айтқан Ғабитжан Ислямов барлығы өз ретімен шешіліп жатқанын атап өтті.

Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Нұрлыбек Қажымұратұлы қорытындылап, биыл атқарылатын ауқымды жұмыстарға сәттілік тіледі.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале