29.07.2022, 16:45
Оқылды: 24

Қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін «AMANAT» партиясының Теректі аудандық филиалының  қабылдау бөлмесінде азаматтарды қоғамдық қабылдау өтті.

кабылдау 3

Филиал төрағасы, аудан әкімі Тілек Габдушев бастаған топ құрамында аудандық филиалдың атқарушы хатшысы М.Ибраев, аудан әкімінің орынбасары Е.Досмақов, аудан әкімі аппаратының басшысы М.Еркибаев және аудандық дербес бөлімдер басшылары мен ауылдық округ әкімдері болды.

Қабылдауға келген Ақсуат ауылының тұрғыны Қ.Кенжебаев ауыл ішінде жайылып жүрген мал мәселесін қозғады. Подстепныйлық Ж. Катчикова мал жайылымына жер тарлығын айтты. Ал Л.Липатникова мен В.Полещук тұрақты жұмысқа орналасуға көмек сұрайды. А. Исмағамбетова тұрғын үйге мұқтаж көрінеді. Д. Бирюков мүгедектік алу бойынша кеңес  сұрай келді.

Әр адамның өтініш-шағымын тыңдаған аудан әкімі Тілек Александрұлы тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар беріп, орындалуын өзінің бақылауында ұстайтынын ескертті.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале