25.07.2023, 20:27
Оқылды: 49

Қоғамдық қабылдау  өтті

«AMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев Теректі ауданына қарасты Шаған ауылдық округінде  мобильді қоғамдық қабылдау өткізді. Оған атқарушы хатшымен бірге БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Миржан  Нұртазиев, облыстық мәслихат депутаты Сержан Идиятов, аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тугузбаев, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев және аудандық мәслихат депутаты Юлия Шыныбекова қатысты.

IMG-20230725-WA0027

IMG-20230725-WA0033

Қабылдауға келген тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Мәселен, ауыз су мен ауылішілік жол құрылысын баса айтқан тұрғындар  электр бағаналарының тозғанын да айтты. Электр желісінің ауа райымен қоса құбылып, жарықсыз қалдыратыныны халықты шаршатқан. Оған қоса интернеттің баяулығы да тағы бар. Тағы бір айтылған мәселе – жердің жетіспеушілігі.

IMG-20230725-WA0038

Жүздесу барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында игерілмей жатырған жерлер жөнінде де ақпарат берілді.

Мобильді топ қабылдауға келген жиырмаға жуық  адамның өтініштеріне жеке-жеке жауап беріп, шара қабылдауды қажет ететін мәселелерді қаперге алды.

IMG-20230725-WA0031

IMG-20230725-WA0041

IMG-20230725-WA0044

IMG-20230725-WA0043

IMG-20230725-WA0034

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале