25.12.2019, 10:35
Оқылды: 24

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Тасқала ауданында Б.Тасмағамбетовтың төрағалығымен қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

tasqala (2)

Оған аудан әкімі А.Халелов пен кеңес мүшелері, сондай-ақ мекеме, бөлім басшылары қатысты.

 Күн тәртібінде қаралған Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 қаңтардағы №32-1 «2019-2021 жылдарға арналған Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Тасқала ауылдық округінің әкімі Г.Мұхамбетқалиева хабарлама жасады. Күн тәртібіндегі екінші, үшінші және төртінші мәселеде Тасқала аудандық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің дивиденттерінің көлемін белгілеу мен «2020-2022 жылдарға арналған Тасқала ауданы бюджетінің жобасы», сондай-ақ «2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округі әкімі аппараттары бюджетінің жобасы» туралы аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Л.Тастембекова баяндады.

tasqala (5)

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша Тасқала аудандық қоғамдық кеңесінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы қоғамдық кеңестің хатшысы Жанат Сисенбаева хабарлады.

 Сонымен қатар мәжіліс барысында баяндамашыларға қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар енгізілді.

Болатбек Сапаргалиев

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале