30.03.2022, 17:50
Оқылды: 52

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Таяуда Жәнібек аудандық мәслихатында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жиын ZOOM платформасы арқылы онлайн өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

619f2eb496147796687940

Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешов Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» және «Жер» кодекстеріне сәйкес Жәнібек ауданының  жерлерін салық салу мақсатында жер салығының базалық ставкасының түзету коэффициентінің шешім жобасына сараптамалық қорытынды беру туралы баян етті.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес 2021 жылғы есепті қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп мәселесі бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сәриев айтып өтті. Жиынға қатысушылар қаралған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

Кеңес мүшелері  талқыланған мәселені бірауыздан қолдап, мақұлдады.

Мәдина Сағын,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале