Бәйтерек ауданында қоғамдық кеңес құрылып және оның төралқасы сайланды. Кеңес өз отырыстарында қоғамды толғандыратын мәселелерді әрдайым уақытында қарайды және талқылайды. Жалпы осы уақытқа дейін қоғамдық кеңестің қызметі жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған. Жұмыс жоспарларын құру кезінде қоғамдық кеңес өз қызметін қоғамның пікіріне сүйене отырып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге назар аударуда. Ол туралы «Adal komek» жобасы аясында тікелей эфирге шыққан Бәйтерек аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Мәлік Өтешев мәлімдеді.
Төраға сөзінше, 2021 жылдың басынан бері қоғамдық кеңес төралқасының 25 отырысы өткізіліпті. Отырыстар барысында азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты және қоғамдық кеңесте қаралуға жататын нормативтік құқықтық актілерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу құқығын іске асыру бойынша аудандық мәслихаттың Бәйтерек ауданының аумағын дамыту бағдарламасының жобасын бекіту, 2021 жылға азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу, пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өңдірісін жүргізуге уақытша пайдалану (жалға алу) құқығымен конкурс арқылы берілуін жоспарлау жобасын қарау сияқты мәселелер талқыланды.
-Бәйтерек ауданы мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №59-2 «2021-2023 жылдарға арналған Бәйтерек ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасын қарау сияқты мәселе де қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту жайы да назарымызда,-деді Мәлік Өтешев өз сөзінде.
Одан бөлек, кеңес Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Бәйтерек аудандық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты туралы, Бәйтерек ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерiн бекіту сияқты мәселелерді де назардан тыс қалдырмайды. Бұл туралы да Мәлік Өтешев баяндамасында айтып өтті.
Бәйтерек ауданы мәслихатының 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 2-3 «Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне қосымша және өзгеріс енгізу туралы мәселе кеңес күн тәртібінде болған. Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 21-2 «Зеленов ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша 2022 жылға азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу мәселесі де кеңес мүшелерінің әрдайым назарында екенін Мәлік Өтешев атап өтті.
-2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы жобасын қарау, коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы жобасын қарау, Бәйтерек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақтау нормаларын бекіту туралы тұрмыстық жобасын қарау, аудан бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару жоспарын бекіту туралы аудан әкімдігінің «Елді мекендерде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» жобасы да кеңес назарында болады,-деді аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Мәлік Өтешев.
Соңғы жылдағы пандемия кесірінен толық жинала алмай отырғанын да айтқан Мәлік Сисенбайұлы болашақта кеңес жұмысы одан әрі күшейтіп, билік пен бұқара арасын жалғау жұмысын жетілдіре беретініне сендірді.
Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы