Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар, аурухана директоры Дәурен Көкенов, ветеринариялық станциясының басшысы Мейрамбек Қадырбеков, Жаңақала АПБ ЖПҚб бастығы, полиция подполковнигі Ержан Макишев пен «Мансап» орталығының директоры Аслан Оразалиев қатысты.
Руслан Оразалиев төрағалық еткен жиынның күн тәртібінде аудандық аурухананың, аудандық ветеринариялық станцияның, аудандық полиция бөлімінің, “Мансап” орталығының ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды. Баяндамашылар атқарылған жұмыстарды айтып қана қоймай, өз саласы бойынша қордаланып қалған мәселелерді де тілге тиек етті. Атап айтқанда, аурухана басшысы дәрігерлердің жетіспеушілігіне тоқталса, ветеринариялық станция басшысы аудандағы сарып ауруына шыққан малдардың ауданда қабылдайтын орынның келісімшартта көрсетілген дәрежеде орындалмай отырғаны жөнінде кеңес мүшелерінің сұрағына жауап берді. Ал ЖПҚб бастығы аудандығы учаскелік полиция инспекторларының 2 ауылдық округте автокөлікпен қамтылмағанын және басқа ауылдық округтердің автокөліктерінің де тозығы жеткенін атап өтті. Қоғамдық кеңес мүшелері жол белгілерін орнату, Жаңақала – Орал тас жолына рейдтерге шығу, мотоциклдердің тіркеуін жеңілдету туралы ұсыныстарын ортаға салды.
Мансап орталығының директоры электронды еңбек биржасына жеке сектордан бос жұмыс түспейтіні туралы айтып, кейбір мекемелердің бос жұмыс орнына жіберген жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларды жұмысқа алмайтыны жөнінде айтып өтті. Жиынды Руслан Қанатұлы айтылған мәселелер хаттамаға енгізілетінін айтып, қотытындылады.
Сыйлыхан Талапұлы
Жаңақала ауданы