28.09.2021, 20:25
Оқылды: 14

Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Сырым ауданы әкімдігінің үлкен залында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Асхат Дүйсенғалиевтің төрағалық етуімен кеңес отырысы өтті.

58D22699-E44A-4B2F-AC92-DC63B90B58E2

Оған аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, аудан әкімінің орынбасары Асланбек Саркулов, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Кенжебек Құспаев, аудандық аурухананың директоры Роза Тахамбетова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ержан Махметов арнайы қатысты.

25973174-5FC5-49CA-AE86-89A012932A18

Отырыстың күн тәртібі бойынша аудандық полиция бөлімінің аудандағы қоғамдық тәртіппен қылмысқа қарсы күресті нығайтудағы жұмысы туралы Кенжебек Құспаев, денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы Роза Тахамбетова, Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің – «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын» іске асыру барысы туралы Ержан Махметов хабарламалар жасады.

Баяндамашылардың жасаған хабарламасы бойынша алдағы уақытта аудандағы қоғамдық тәртіппен, қылмыс жасаушылықтың алдын алу және полиция бөлімінің қызметін одан әрі жетілдіріп, жауапкершілігін күшейту, ауданның денсаулық сақтау саласында тұрғындар денсаулығын нығайту, мақсатында сапалы медициналық көмек көрсету және халық арасында түсінік жұмыстарын одан әрі қарай жүргізу, алдағы уақыттағы дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметін нығайту мақсатында тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын одан әрі қарай жүргізу тиісті сала басшыларына тапсырылды.

А.Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале