Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Көгеріс ауылында Activ байланыс желісі тартылып, халық игілігін көруде.
Ұялы байланыс желісінің ашылу рәсіміне Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев, Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Салауат Нұрпейісов қатысып, көгерістіктерді құттықтады. Алпыс тұрбасы бар ауыл тұрғындары байланыс мұнарасын орнатқан аудан әкімдігіне алғыс білдіріп, шалғайдағы туыстарымен хабарласып, ғаламторды еркін пайдаланатындарын, бұл да Тәуелсіздіктің жемісі екенін айтып қуануда.
Айта кетейік, бұған дейін Көгеріс ауылының шетінде ғана Beeline байланысы ұстайтын. Қашықтан оқу кезінде байланыстан қиындық көрген ауылдың бірі Көгеріс еді.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz