Сырым ауданының Көгеріс ауылында әмбебап спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Шарада аудан әкімі Төлеген Төреғалиев тұрындарды спорт алаңының ашылуымен құттықтады. Жоба мердігері - "Жайық Сити" ЖШС.
Аталмыш мердігер компанияның өкілі Е.Шоқанов теңбіл доп шеберлеріне футбол ойнауға арналған доптар сыйға тартты.
- Көгерістегі ағайынның қуанышында шек жоқ. Ауылымыздың көркейіп, жастарымыздың бос уақытын тиімді өткізіп, бұқаралық спортты дамытуға үлестерін қосуға мүмкіндік бергендеріңізге алғысымыз шексіз,- дейді ауыл тұрғыны Б.Сарбупиев.
Салтанатты ашылу рәсімінің лентасын аудан әкімі Т.Төреғалиев пен Көгеріс ауылшаруашылық кооперативінің төрағасы Б.Ешмуханов қиды.
А.Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz