13 шілдеде белгісіз біреулер Жәнібек ауылының тұрғыны У.-дың ауласынан 1 бас қойын ұрлап, жалпы құны 40 мың теңге зиян келтірген.
Бұл дерек бойынша жүргізілген жедел іздестіру шараларының барысында М. және О. есімді азаматтар анықталып ұсталып, қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Аудандық ішкі істер бөлімінің криминалды полиция тобының жедел уәкілі, полиция капитаны М.Бапаховтың айтуынша, қазіргі уақытта жәбірленуші мен қылмыскерлердің медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.
Н.Өтей
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz