Бүгін Сырым ауданында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай авто және велошеру өтті.
Көк байрақты тіктеген керуен Жымпитының Алашорда, С.Датұлы, Абай, Қазақстан секілді басты көшелерімен жүріп, орталық алаңға келіп тоқтады. Халық сапқа тұрып, ҚР Мемлекеттік гимнін орындады. Кейін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев сөз сөйледі.
Салтанатты шарада велошерудің белсенді қатысушылары марапатталды.
"Ең жас спортшы" болып Нұрислам Қайырбек, "Ардагер спортшы" болып Төлеуғали Көпжанов, ал Төлегеновтер жанұясы "Белсенді жанұя" ретінде танылды. Аудандық аурухана ұжымы "Үздік ұжым" атанды.
Орталық сахнада аудан көркемөнерпаздары Тәуелсіздік нышандарының құрметіне мерекелік концерт қойды.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz