23.05.2022, 9:30
Оқылды: 51

«Көксандықтың» кесірі...

Сәрсенбі күні Бәйтерек аудандық ауруханасына барған 2020 жылғы қыз баланың үстіне теледидар құлады. 

телевизор

Бүлдіршін ауруханада ойнап жүріп, теледидар астындағы тұғырға көтерілген. Сол мезетте «көксандық» балдырғанның үстіне құлайды.

Қыз баланың жағдайы әлі де ауыр. Жабық бас сүйек-ми жарақаты, субарахноидты қан кету, маңдай-париетальды сүйектің сынуы диагнозы қойылған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, бүлдіршін есін жиған. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімінен  анасының қасына көшірілген.

Айта кетсек, әкесі мен қызы ауруханаға анықтама алу үшін барған. Аудандық ауруханадағы жазатайым оқиғадан кейін балаға алғашқы жәрдем көрсетіліп, санитарлық авиациямен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жіберілген.

Өз тілшіміз,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале