Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық «Көктем аруы – 2017» байқауы өтті.
Жарыста Жәнібек, Тау, Ақоба және Ұзынкөл ауылдарынан алты ару бақтарын сынады. Олар таныстыру, салт-дәстүрлер бойынша сұрақ-жауап, сән үлгісі және өз өнерлерін көрсету сияқты кезеңдер бойынша сайысқа түсті.
Нәтижесінде ақобалық Ақсұңқар Қайырғалиева «Көктем аруы – 2017» аталымын жеңіп алды. Аудан орталығындағы №1 және А.Оразбаева атындағы мектептің ұздаздары Мария Анисова мен Меруерт Жолдасова, ұзынкөлдік Жансұлу Сұлтанғалиева, Тау ауылынан келген Сұлушаш Жұмабаева және аудандық орталық аурухананың қызметкері Мейіргүл Өтегенова арнайы аталымдар бойынша марапатталды.
Байқауға қатысушы барлық аруларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Д.ЗЕННАТ,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz