Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері халық арасында су тасқынының алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Сонымен қатар көктемде су қоймаларындағы мұз жабыны еруіне байланысты сақтық шараларын пысықтап айтамыз. Әлеуметтік желілер арқылы да тұрғындарға қауіпсіздік шараларын түсіндіруде.
Қауіпсіздік шараларына тағы да тоқталып өткеніміз артық болмас:
- Мұздың қалыңдығы жалғыз жаяу жүргіншілер үшін кемінде 5 см, адамдар тобы үшін кемінде 7 см болуы тиіс;
- Мектеп оқушыларына көктемде су айдындарын өтуге қатаң тыйым салынады.Мұздан мұзға секіру, жағалаудан шығу өте қауіпті;
- Көктемгі су тасқыны кезеңі өзен, тоған, су айдынына жақын адамдар үшін аса қауіпті. Қыста мұз үстімен жаяу жүргіншілер өткелін пайдалануға үйреніп, көптеген адамдар көктемде мұздың еру қаупі туралы ұмытады;
- Су тасқыны кезінде, әсіресе, су басуы мүмкін елді мекендерде үнемі радио немесе теледидарды қосып тұру қажет. Себебі, үлкен су күтпеген жерден келуі мүмкін. Қауіпсіздік шаралары бойынша іс-шараларды алдын ала жүргізу керек (қажетті тамақ өнімдерімен, киіммен, ауыз сумен және тағы басқасын сақтау; қажетті құжаттарды (паспорт, туу туралы куәлік) бір орынға жинау және оларды целлофанға салу).
Жарас Көпжасаров,
Теректі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы,
азаматтық қорғау полковнигі