Тасқала аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Талғат Шакировтың төрағалығымен көктемгі егіс науқанына дайындық барысы бойынша жиын өтті.
Оған БҚО ауыл шарушылығы басқармасы басшысының м.а. Рүстем Зұлқашев, облыстық құзырлы органдар мен мекемелердің өкілдері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.
Жиын барысында биылғы жылы атқарылатын жоспарлы жұмыстар тілге тиек болып, егін шаруашылығымен айналысатындарды тұқыммен қамтамасыз ету және мемлекеттік қолдау шараларының жағдайлары туралы мәселе көтерілді. Сондай-ақ, далалық жұмыстар кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау мәселелері де талқыланды. Кездесуде шаруа қожалықтары өздерінің көкейтесті мәселелерін алға тартып, құзырлы мекемелерден нақты жауап алды.
Болат Бек,
Тасқала ауданы,
zhaikpress.kz