Өңірде еріген қар суынан өзендер арнасынан тасып, біраз көшелер мен ауылдарды су басқаны белгілі. Соның ішінде Тасқала ауданы да бар.
Ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің арқасында қазіргі таңда қауіп сейіліп, жағдай тұрақталды.
Осыған орай қасиетті Рамазан айында Тасқала аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ауыл ақсақалдары мешітке жиналды. Бас имам құран бағыштады.
Жиналғандар елдің амандығы үшін құрбан шалды. Оған аудан әкімі Талғат Шакиров қатысты.
Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы