12.02.2020, 18:01
Оқылды: 10

Көктемгі су тасқынына дайындық қалай?

Ақпанның шуақты күндері қар көбесін сөге бастағандай. Теректі ауданында көктемгі су тасқынына дайындық жәйін білмек ниетте аудан әкімі аппараты бақылау және ұйымдастыру бөлімінің төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бас инспекторы Қайнар Жарылғаповқа жолыққан едік.

terekti su

 -Теректі ауданы бойынша қардың орташа қалыңдығы 8-12 сантиметр, тоңның қалындығы солтүстікте 5-12 сантиметрге дейін, ал оңтүстік ауылдарда 3 сантиметрден аспайды. Су қоймаларындағы мұз қалыңдығы -  20-22 сантиметр-, деп бастады сөзін  Қайнар Қаныбекұлы. -Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ауылдық округтерде лауазымды тұлғалар мен жауапты қызметкерлердің кезекшілік кестесі бекітілді.

От пен су – тілсіз жау. Сондықтан құрамында 213 адамы бар 22 оңтайланған бригада жұмысқа әзір тұр. Бұл бригадалар, әсіресе, суға кету қауіпі бар 42 аулада (Подстепное – 15, Ақсуат – 4, Федоров – 6, Шаған – 3, Ақжайық - 4, Долин - 2, Новопавлов – 2, Покатилов -3, Ұзынкөл – 3) құрылған. Күні бүгін қолданыста 22 «мотопомпа» болса, оның 14-і  өткен жылы сатып алынды. Сондай-ақ, 11500 тонна жанар-жағармай қорын жинақтап қойдық. Қажет бола қалса, жанар-жағармай алуға қосымша 3 млн. теңге қарастырылған.

Аудандағы 10 су қоймасының жағдайы қалыпты. Ол жерлерге уақыты келгенде міндетті түрде кезекшілік ұйымдастырамыз. Бөгеттер бұзылса, тығындауға 3000 дана қап әзір тұр.

Аудан тұрғындарына айтарым, жеке тұрғын үйлердің және әлеуметтік мекемелердің, ғимараттардың шатырларындағы қарды уақтылы түсіріп, тазалап қойған дұрыс. Су ағатын тұрбаларды да күні бұрын аршыған жөн. Биыл су үстіндегі мұз қабаты жұқа, яғни, еру тез өтеді. Әрі су үстінен жылымық кездері жүрмеу керек.

Камелия Қарекесова

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале