5.05.2025, 9:30
Оқылды: 254

Көктеректе думанды дала қызығы өтті

Көктерек ауылында 2025 жылдың 3 мамыры күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі «Ленин» ордені мен «Тылдағы Еңбек» меділінің иегері Ақбаев Сақып Дәулетұлының туғанына 145 жыл толуына орай думанды дала қызығы өтті.

IMG-20250504-WA0027

Ел болып атап өткен думанды тойда ауыл қонақтары мен жергілікті тұрғындар қыстан кейінгі көктемнің жаймашуақ күнінде мәре-сәре күй кешіп, бір жасап қалды.
Аламан бәйгеге ұласқан қазақтың ұлттық ойын түрлерінен спорттық жарыстар оздырылып,  елдің қиқуынан кейін  қаны бар жампоздардың делебесі де көкке көтерілді.
Көктерек даласындағы арқаны қоздырған дүбірлі жарыстартың қорытынды нәтижелері төмендегідей анықталды.

Аламан бәйге
(21 шақырым)

І орын — Асылхан Төлеуғалиев («Шанхай», Көктерек)
1 000 000 теңге
ІІ орын — Виталий Иманжанов (Тайпақ, Ақжайық)
500 000 теңге
ІІІ орын — Мирас Әнуаров (Жаңақала)
300 000 теңге

Құнан бәйге
(6 шақырым)

І орын — Дарын Самиғоллин («Дубай» Сатыбалды)
300 000 теңге
ІІ орын — Асылхан Төлеуғалиев («Алакөз» Көктерек)
200 000 теңге
ІІІ орын — Әлихан Ерешев (Әбіш)
100 000 тг

IMG-20250504-WA0028

Тай бәйге
(3 шақырым)

І орын — Асылхан Төлеуғалиев (Көктерек)
200 000 теңге
ІІ орын — Мұрат Канаев («Желқара» Көктерек)
100 000 тг
ІІІ орын — Алпамыс Оспанов («Тұнық» Көктерек)
50 000 тг

IMG-20250504-WA0030 (1)

Қазақ күресі

І орын — Нұрбол Өтегенов 100 000 теңге
ІІ орын — Бегайдар Меңдешев 60 000 теңге
ІІІ орын — Жанайдар Меңдешев (40 000 теңге)

Арқан тартыс

І орын — «Көктерек» құрамасы (150 000 теңге)
ІІ орын — «Бостандық» құрамасы (100 000 теңге)
ІІІ орын — «Жақсыбай» Жәнібек ауданы (50 000 теңге)

Қой көтеру — Ертарғын Жұмағалиев (Көктерек)

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале