Казталов ауданы Көктерек жалпы орта білім беретін мектебінде «Мектепке жол» акциясы шеңберінде көптеген жұмыстар атқарылуда.
Мектеп әкімшілігі пандемияға кезінде қашықтан оқытуға байланысты әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы отбасыларға материалдық тұрғыда қолдау көрсету бағытында ауыл халқына, ауыл түлектеріне, кәсіпкерлерге, шаруа қожалығы иелеріне үндеу жариялаған болатын.
Үндеу нәтижесінде 227 мың теңге қаражат жиналды. Аталмыш қаражатқа 8 планшет, 1 модем сатып алынды.
- Бүгін аталмыш құрал-жабдықтарды мектепте әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы отбасыларға табыс ету рәсімі өтті.
Бұдан бөлек материалдық көмекті қажет ететін отбасыларға 80 мың теңге қаражатқа ең қажетті деген киім-кешектер, 50 мың теңге қаражатқа оқу құралдары алып берілді.
Демеушілер тарапынан жасалған шараларға ата-аналар ризашылықтарын білдірді, - дейді Казталов ауданы Көктерек жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Қайырлы Байжанов.
Айта кету керек, республикалық «Мектеп жол» акциясы биыл жыл бойы өтеді.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz