14.02.2025, 0:00
Оқылды: 379

Көктеректің арландары екі дүркін облыс чемпионы атанды

Бүгін Орал қаласында арқан тартыстан облыс чемпионаты өтті. Айтулы додада Казталов ауданына қарасты Көктерек ауылының «Көктерек» командасы арқан тартудан Батыс Қазақстан облысының екі дүркін чемпионы атанды.

IMG-20250213-WA0099

Облыстық чемпионатқа қатысқан Көктерек ауылының арландары 1000 келі салмақ пен 750 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, тартысқан барлық командаларды тізе бүкітіріп, жеңісті жұлып алды.

Құрыш білекті көктеректік жігіттер ептілік пен шымырлыққа баулитын арқан тартыс ойынынан оза шауып, жеңіске жетіп жатқаны қаншама еңбек пен төгілген тердің нәтижесі.
Айта кетсек, бұдан бұрын көктеректік палуандар Астана қаласында тұңғыш рет арқан тартыстан өткен республикалық турнирден облыс, аудан намысын қорғап, қанжығалары жүлдемен толыққан еді. Міне, бүгін тағы да республикаға жолдама алды.

Бүгінгі жетістік – ертеңгі тарих. Әрбір жеңістің артында 16 жігіттің күші мен еңбегі, сондай-ақ демеушілердің қолдауы жатыр.

Нұр Рахман
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале