6.09.2025, 12:00
Оқылды: 239

Қоқыстан ақша жасады

Сырым ауданына қарасты Алғабас ауылдық округіндегі М. Қаналиев атындағы орта мектептің жанындағы «Экоқорғаушылар» тобы жылдың төрт мезгілінде Аңқаты жағалауын тазалап тұрады.

PHOTO-2025-09-04-15-42-06

Жаңа оқу жылы басталысымен топ өз жұмыстарына кірісті, - деп хабарлайды мектеп тәлімгері Нұрболат Жұмағазиев.

Оқушылар сабақтан бос уақыттарында Аңқаты өзені жағалауындағы қалдық заттар, пластикалық құтылар, қағаздарды жинап Орал қаласындағы эко-пунктке тапсырды. Қалдық заттан тапқан аз болса да берекелі ақшаға бастауыш сынып оқушыларына оқуға қажетті құралдар алып береміз деп келісті табиғат сақшылары.

Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале