23.08.2021, 17:29
Оқылды: 30

Көл жағасы қоқыстан тазартылды

Бәйтерек ауданына қарасты Көшім ауылдық округінде қоршаған ортаны тазалау мақсатында «Таза жағалау» акциясы оздырылды. Акцияға мекеме және жергілікті әкімшілік қызметкерлері қатысып, ауылдық округ маңайында орналасқан «Качкар» көлінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Кушум ТЖ2

Шара қатысушылары жағалауларды қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазартты.

- Экологиялық сенбілікке ауыл тұрғындары мен ұйым қызметкерлері жұмыла атсалысты. Шара барысында «Качкар» көлінің ауылға жақын жағалауынан 8, екінші жағалауынан 4 тонна қоқыс шығарылды. Алдағы уақытта тазалық жұмыстары жалғасын таппақ, - дейді Көшім ауылдық округі әкімінің орынбасары Исатай Мұғалбаев.

Кушум ТЖ

Әкімдік қызметкері жиналған қоқыстың жартысынан көбі шыны ыдыстар мен плактикалық бөтелке болғанын айтады. Ұйымдастырушылар аудан тұрғындары мен демалушылардан қоршаған ортаны қорғап, табиғатқа қамқорлықпен қарауды сұрайды.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале