29.12.2021, 16:04
Оқылды: 67

Көлік тасымалы тексерілді

Теректі ауданы басшысы Тілек Габдушев төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жиында, жол қауіпсіздігі мен оқушылар тасымалына қатысты округ басшыларына бірқатар тапсырмалар берген болатын.

38

Осы орайда Шалқар ауылдық округіндегі Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ жанындағы интернат оқушыларының мектепке қатынас жағдайы тексерілді.  Жалпы саны 32  баланы құрайтын мектеп- интернаты үйлеріне төрт ауылдан (Дуана, Шалқар, Бозай, Рыбцех) көлік тасымалы өтеді.

Айта кетейік, оқушылар тасымалына  жеке кәсіпкер М. Өтегенов жауапты.  Оның «УАЗ» автокөлігінің талапқа сәйкестігін, қысқы маусымға дайындығы тексерілді.

37

Шалқар ауылдық округінің әкімі С.Мусин мен учаскелік полиция инспекторы А.Сисенов тексеру мен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бақылау барысында барлық қауіпсіздік құралдары, техникалық ақауларға жол бермеу жағы қарастырылды.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале