Кездесу барысында негізінен интернет желісіндегі қауіп жайы сөз болды. Дінді дәріптеген түрлі сайттар мен әлеуметтік желідегі топтардан келер қауіп туралы да толық мағлұмат берілді. Сонымен қатар Азат Ерланұлы әiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның 490-бабы яғни Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзудың соңы неге алып келеті туралы да айтып берді.
Жиын барысында дін маманы ҚМДБ рұқсатын алмаған кітаптар мен діни бағыттағы түрлі ақпараттық үнпарақтарды таратудың және күмәнді сайттар мен желідегі бірлестіктерге тіркелудің арты жақслыққа алып келмейтінін де түсіндірді.
Сөз соңында Азат Ерланұлы дінге қызыққан немесе білімін толықтырғысы келген адам ҚМДБ рұқсаты бар кітаптарды арнайы орындардан алу керектігін баса айтты.