Теректі аудандық Достық үйі алаңында «Әйел. Қоғам. Болашақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолөнер шеберлерінің көрмесі болды. Аталмыш шара Астана төрінде өтіп жатырған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін қолдау мақсатында өтті.
Ғаламат көрмеге арналған ғажайып көрмеде Ақсуат, Федоров, Долин, Аңқаты, Покатилов, Шаған ауылдарының шеберлері өз туындыларын назарға ұсынып, аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжановтың қолынан Алғыс хаттар алды. Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлім Қоқашев және «Жігерлі жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Кенжин сөз алып, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің еліміз үшін маңыздылығы жөнінде ой қозғады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, игілікті іс-шараның ғұмыры ұзақ болады екен.
Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ
zhaikpress.kz