19.11.2021, 23:44
Оқылды: 32

Қолөнершілер сынға түсті

Бүгін Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тарту» тақырыбында қолөнершілер байқауы өтті.  

24

Шараның ашылуында Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Нұрлыбек Айтқалиев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

25

Одан соң республикалық, облыстық дәстүрлі әншілер байқауының лауреаты Нұршат Исламғалиев Ғарифолла Құрманғалиевтің «Сәлем Қазақстан» әнін орындап берді. Байқауға ауылдық округтерден қолөнер шеберлері қатысып, туындыларын әділқазылар алқасына таныстырды.

23

Қолөнер байқауында шеберлігімен көзге түскен сәулелік Асқар Надірқожин I орынды иеленсе, Мұхит мектебінің атынан қатысқан Елнура Ержанғали және Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушысы Қайыржан Манас II орынға ие болды.

22

Ал егіндікөлдік Айлиза Жұмабай, қоскөлдік Сәуле Ермекқалиева және Сулыкөл ауылдық округінен қатысқан Ерболсын Қожантаев III орынды иеленді. Сайысқа  қатысушыларға дипломдармен, сыйлықтар табысталды.

Халила Моржанова,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале