8.09.2020, 11:36
Оқылды: 42

Қолжетімді онлайн қызметтің көмегі көп

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және карантиндік шектеулерді сақтау мақсатында халыққа қызмет көрсету бөлімдері жаңа жұмыс форматына көшті.

халыққа қызмет көрсету

Яғни, электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтерді алушылар «онлайн» түрде алуы тиіс. Ал халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде электрондық форматта қол жетпейтін «қағаз» түрінде көрсетілетін қызметтерді және порталда алдын ала ресімделген қызметтердің нәтижелерін ғана алуға болады.

Осы орайда азаматтардың электрондық қызметтерді алуларына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігіндегі «Ашық әкімдік» алаңында және ауылдық округ әкімі аппараттарында «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс істеуде.

Бұл жерде кез келген азамат электрондық үкіметтің веб-порталы «egov. kz» арқылы электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін ала алады.

Сонымен қатар қызмет алуға келген азаматтарға қызметкерлер тарапынан практикалық көмектер көрсетіледі.

Тасқала ауданы әкімінің апараттық қызметкері Гүлім Мұқашеваның айтуынша, олар «egov.kz» арқылы халыққа онлайн қызмет бойынша көмек көрсетеді екен.

– ЭЦП (электронды қол қою), балабақшаға кезекте тұрулары және де оқуға түсуге анықтамаларымен қоса, тұрғын үйге тіркелу құжаттарын жасап беремін. Ең ыңғайлысы, халыққа қызмет көрсету орталығына қарағанда, бұл жерде кезекке тұру көп уақыт алмайды. Тиімді тұсы – қағаз түріндегі құжаттардың бәрін тұрғындарға шығарып, дайындап беріп жібереміз. Мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып, өз жұмысымызды атқарып келеміз, анық-қанығын түсіндіріп береміз. Қазіргі таңда жаңадан ашылған «ашық әкімдікке» адамдар өте көп келеді. Ол, әрине, бізді қуантады. Барлық тұрғындар келіп, біздің көмегімізді алып жатса, біз үшін зор жетістік болар еді, – дейді әкімшілік қызметкері.

 

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале