Теректі ауданында 1 аудандық аумақтық және 40 учаскелік референдум комиссиялары бар. Барлығы – 41 референдум комиссиясы. Аудандық аумақтық комиссия құрамында 7 мүше бар. Комиссия төрағасы, төраға орынбасары және хатшысы 2024 жылдың 6, 11 қыркүйек күндері облыстық референдум комиссиясында семинарға қатысты. 2024 жылдың ақпан және шілде айлары аралығында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы барлық 40 сайлау учаскесіне шығып, жаңадан сайланған комиссия мүшелеріне оқыту-семинарларын ұйымдастырды. Барлығы 206 адамға дәріс беріп, оқыту семинарларын өткізді.
Сонымен қатар республикалық референдум тағайындалған күннен бастап комиссия мүшелері қашықтан оқыту мен тестілеу арқылы оқытудан өтуде. 23 қыркүйек пен 2 қазан күндері аралығында учаскелік референдум комиссия мүшелеріне аудандық оқыту-семинарлары ұйымдастырылатын болады. Учаскелік комиссия төрағаларына референдум өткізу барысы бойынша «ҚР Сайлау туралы» және «Республикалық референдум туралы» заңдарын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Осы сәтте айта кететін жайт бар. Ол – комиссия мүшелерінің сауаттылығы. Ел үшін маңызды істе аса мұқият болған жөн. Әсіресе жұмыстардың заң жүзінде жүзеге асуын қадағалауға тиіспіз.
Дамир Меңдібаев,
Теректі ауданының аумақтық референдум комиссиясының хатшысы