5.12.2019, 15:15
Оқылды: 14

Комиссия отырысы өтті

Бөкей ордасы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті. Отырыста мекеме басшылары өз салаларындағы қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүргізген шаралары барысымен таныстырды.

orda komissiya (2)

Аудандық әділет басқармасының басшысы Асхат Атаев азаматтардың 21 өтініші қабылданып, 9 жеке қабылдау өткізілгенін айтса, аудандық прокуратураның аға прокуроры Руслан Шакиржанов сыбайластық бюджеттік салада, әсіресе, мемлекеттік сатып алуда басым болып отырғанын тілге тиек етті.

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Света Рамазанова 2019 жылғы 11 айда 13 адамның тағам сапасы, тойхана, дүкен ашуға қатысты кеңес алғанын, жобаға келісім алу үшін 13, санэпидемиологиялық қорытынды алу үшін 10 өтініш түскенін, шағым-арыздар тіркелмегенін баяндады.

Аумақтық инспекция басшысы Бауыржан Оразовтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тиісті шаралар жоспарлы өткізіліп тұрады екен. Мекеме жұмысына ешқандай арыз-шағым тіркелмепті.

Басқосу соңында аудан әкімі аппаратының бас маманы Нұрфат Бисекенов комиссияның жұмыс нәтижесі мен 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын таныстырды.

"Орда жұлдызы" ақпарат

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале