Жыл басынан бері аудан орталығы Жымпитыдағы Қ.Мырзалиев мектебі алаңында балалардан бөлек мекеме қызметкерлері де қыс қызығын дәстүрге айналдыра бастағандай.
Өткен аптада ғана “Қайсар” спорт клубы мен Сырым колледжінің ұжымы көпшілік коньки тебуді ұйымдастырып, кезекті челленджді аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мен халық банк ұжымына жолдаған болатын.
Осы аптада жұмадағы көңілді конькиді Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұжымы ұйымдастырды.
Мұз айдынына конькиін құшақтап келген балаларға ұжым атынан қызықты эстафеталық ойындар ойнатып, конькимен көпшілік флешмоб биледі.
Жымпитының “Медеуіне” жиналған балалар мен өзге де мекеме қызметкерлеріне, алаң жанына жиылған тұрғындарға ұйымдастырушылар тарапынан тегін шәй мен тәттілер берілді.
Аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұжымы кезекті челленджі Жымпиты ауылдық округі әкімдігі мен жастар ресурстық орталығына жолдады.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz