Ұлттық мерекеміз - Республика күніне орай Шыңғырлау ауданында шаралар легі өтуде. Соның бірі Л.Қылышев атындағы мектебі ұстаздары арасында өткен «Көңілді старт» эстафета ойыны.
Әдетте оқушылар арасында түрлі спорттық шара жиі ұйымдастырылып жататыны белгілі. Ал ұстаздардың жарысы ерекше қызығушылық тудырды. Сайысқа ұстаздардан құралған «Топжарған», «BLUE Эверест», «Достық», «Бірлік» командалары қатысты.
Ұстаздар сайыс талабына сай жылдамдық пен ептілікті, командалық бірлікті көрсетуге ұмтылысты. Жанкүйерлер де өздерінің сүйікті ұстаздарын қолдап, дем беріп жатты.
Қызықты өткен сайыс та мәреге жетіп, әр командаға мектептің кәсіподақ ұйымының атынан ақшалай сертификат табысталды.
Мұнымен қоса мектеп қызметкерлері де алғысхаттармен марапатталды.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz