Бүгін «Жәнібек» спорт клубында Конституция күні қарсаңында шағын футболдан аудандық ашық турнир басталды.
Турнирге күштік құрылым мен мемлекеттік қызметшілерден құралған бес команда қатысып, бақ сынап жатыр.
Атап айтсақ, «Шекара басқармасы», «Қайрат шекара бөлімі», «Аудан әкімдігі», «Полиция бөлімі», «Құтқарушылар» командалары әдемі ойын өрнегін көрсетіп жатыр.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бану Берікқали
Жәнібек ауданы