2.09.2025, 16:45
Оқылды: 685

Қоңырау білім әлеміне шақырады

Жаңа оқу жылын Шыңғырлау ауданындағы Ащысай ЖОББМ-і 87 оқушымен бастап отыр. Оқу жылының басталуы салтанатында 9 оқушы мектеп табалдырын аттап, 1-сыныпқа қадам басты.

қоңырау

«Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында өткен салтанатты жиынның алғы сөзін айтқан мектеп басшысы А.Битинғалиев балаларға оқу белсенділігін, ұстаздарға нәтижелі еңбек, кішкентай бүлдіршіндерге білім әлемінде сәтті сапар тіледі.

Мектеп білімінің аса маңызды екені, сондай-ақ  бүгінгі білім бағыты адалдыққа негізделген ұлттық тағылым, адамгершілік болмысты насихаттайтыны аталып өтіп, округ әкімі Жасқайрат Айсиев, ардагер ұстаздар Хадиша Битингалиева, Валентина Демченко білім ордасына, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тіледі.

Таулы Карабах қақтығысына қатысқан ардагерлердің Шыңғырлау ауданы бойынша қоғамының төрағасы Қуаныш Жангиров барша жетістіктің кілті білім екенін айта келіп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерге сыйлық үлестіріп, жақсы оқып, үздік нәтиже көрсетуге шақырды.
Полиция аға лейтенанты Мейіржан Сандыбаев сабақ уақытында сабақтан және мектептен тыс бос жүрмеу, бейтаныс адамдардан сақ болу, сондай-ақ мектеп ішінде әлімжеттік, күш көрсету жағдайларын болдырмау жөнінде ескертіп өтті.
Салтанатты шара соңы «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы сыныптық тәрбие сағаттарымен жалғасты.

Аталмыш мектепте 32 ұстаз-маман еңбек етеді. Елді-мекенде  жаңа үйлер салынып, жаңа отбасылар көшіп келуде. Осы оқу жылына ауылға 2 мұғалім отбасымен қоныс аударған, сонымен қатар 1 балабақша тәрбиешісі отбасымен көшіп келген.

                                                                                                                        Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале