29.12.2022, 17:15
Оқылды: 55

Кооператив құру – тиімділік бастауы

Сырым ауданына қарасты Бұлан ауылдық округі тұрғындарының қатысуымен ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрудың маңыздылығына арналған арнайы жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов, ауыл шаруашылығы  және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Усағалиев қатысты.

5

Жиында ауыл әкімі  Мұрат  Әділгереев кооператив ашуға ынталы болып отырған тұрғындар жөнінде, олардың алғы жоспарлары туралы хабардар етті.

Мәселен, алдағы жылдың еншісінде облысқа 6 млрд теңге көлемінде мемлекет тарапынан несиелік қаражат бөлінеді.

Міне, осы қомақты қаржыдан тиісінше несиелерін алып, кооператив құратындар шықса  әлдеқайда тиімді болған болар еді.

7

Жиында аудан әкімі  Т.Төреғалиев  осы бағытта тұрғындардың қолдау көрсетіп, ұйымшылдық таныта білулеріне тоқталды.

Ауыл тұрғындары  М.Кәкімов, С.Темірлан қолға алғалы отырған жұмыстары бағытында ой-пікірлерімен бөлісті.

6

Иә, кооператив құру  әрине тиімді, оның халыққа несібе екендігі де даусыз нәрсе. Тұрғындар жиыннан ертеңгі істеріне нәтижелі түйін түйгендей болып тарасты.

Толығырақ «Сырым елі» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Мүсірбек Әлібекұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале