6.10.2024, 14:20
Оқылды: 123

Кооператив мүшелері белсенділік танытуда

Бәйтерек «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жақсы көрсеткішке қолжеткізген республика бойынша алдыңғы қатарлы аудандардың бірі екені белгілі. Бұл бағдарлама аясында Макаров ауылдық округінде «Аманат-22» АӨК құрылған еді. Сол кооператив мүшелері де референдумннан тыс қалмай, дауыстарын берді.

IMG_6911

Осыдан екі жыл бұрын құрылған аталмыш кооператив мемлекеттің қолдауына арқасында аяғынан нық тұрып келеді. Техника, құрал-саймандар алынып, мал, өсімдік, құс шаруашылықтарымен айналысатын АӨК құрамындағы мүшелерге демеуқаржы төленуде. АӨК жетекшісі Бибигүл Ғабдолованың айтуынша, кооператив мүшелері еліміз үшін маңызды айтулы шаралардан қалмауға тырысады.

IMG_6909

- Жалпы бүгін – біз, яғни кооператив мүшелері және отбасымыз үшін – қуанышты күн. Өз құқығымызды пайдаланып, дауысымызды бердік. Алдағы уақытта қазіргідей еліміздің аспаны ашық, жақсылық мол, халықта ауызбіршілік болады деп сенеміз,-дейді ол.

Айта кетейік, Макаров ауылдық округінде 4 референдум учаскесі жұмыс істейді.

Серік Маратұлы  

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале