Сырым ауданында алтын құрсақты аналарымыздың қатары тағы да толықты. Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов алтын құрсақты аналарды қабылдап, бір анаға “Алтын алқа” мен төрт анаға “Күміс алқа” табыстады.
Аяулы жандарға ізгі тілегін білдіріп, халық санын көбейтуге үлес қосқан аналарға алғыс білдірген аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы:
- Ананың аялы алақаны бүкіл бір әлемді мейірімге бөлей алады. Сондықтан халық санын көбейтумен қатар, саналы ұрпақ тәрбиелеулеріңізге тілекшімін. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол, - деп аналарға сый-сияпат табыстады.
- Аналарға көрсетіп отырған құрметтері үшін аудан басшылығына алғысымды білдіремін. Барша қыз-келіншектерге көпбалалы ана болу бақытын тілеймін, - деп алғысын білдірді Бұлдырты ауылының тұрғыны, алты баланың анасы Ботагөз Мұхашева.
Айман Утиғалиева,
Сырым ауданы