4.05.2024, 11:19
Оқылды: 56

Көп мәселе талқыға түскен жиналыс

Шыңғырлау ауданы әкімдігінде аудандық аурухана жұмысы, мамандардың жетіспеушілігі, жалпы өлім-жітім деңгейі, медициналық сақтандыру бойынша жиналыс өтті. Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен өткен жиынға ауданымызға арнайы келген БҚО жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ БҚО филиалының бөлім басшысы Қуаныш Сансызбаев, сондай-ақ аудандық, ауылдық округтерден медицина саласының қызметкерлері қатысты. Жиналысқа онлайн қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының, басқа да аурухана басшылықтары мен мамандары күн тәртібіндегі мәселелерді көтерді. Шыңғырлау аудандық ауруханасының басшысы Қылыш Жазықбаев биылғы жылдың 4 айында атқарылған жұмыстары бойынша есеп беріп, барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.

440151505_1860021497742943_2715632925829049798_n

Жалпы бәріне ортақ бір мақсат - аудан бойынша медицина саласындағы ахуалды түзеу, көрсеткіштерді жақсарту. Басты мүдде адам өмірі мен денсаулығы болғандықтан жауапты мамандар өз қызметтеріне жауапкершілікпен қарап, тынымсыз еңбек етулері қажет. Жиында мамандар тапшылығы мәселесін тез арада шешу, халықтың медициналық тексеру, екпе егу сынды профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысуы, аудан бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру сынды жұмыстарды ретке келтіру қажет деген түйін шығарылды.

440151505_1860021581076268_8306529739496126432_n

- Сапалы медициналық қызмет көрсетуге, халықтың әлеуетін көтеріп, бүгін көтерілген мәселелердің шешімін табуға барлығымыз да атсалысайық,- деп жиынды қорытындылады аудан әкімі.

440348243_1860021564409603_9203686264990496285_n

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале