Жәнібек аудандық ардагерлер үйінде осындай атаумен Алғыс айту күніне арналған танымдық шара өтті.
Шараның сөз алған аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин жиынға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, отбасыларына амандық, бақ-береке тіледі.
Бұдан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, БҚО бойынша Қазақстан халқы кіші ассамблеясының мүшесі, Жәнібек ауылының тұрғыны Татьяна Шмакова, әзербайжан қызы Тамара Кафарова, аудан орталығындағы «Надежда» ансамблінің мүшесі Наталья Сажина, аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Нұралиев, кәсіпкер Самиға Қайырова сөз алып, барша халыққа бұдан әрі де ынтымақтастық пен достықта өмір сүре берулеріне тілектестіктерін білдірді.
Шарада «Надежда», «Ақ ниет» әжелер ансамблінің және әнші Уахит Сариевтің, домбырашы Әлібек Қуанышқалиевтің орындауларында әртүрлі ұлттардың әндері шырқалып, күй күмбірледі.
Н.Өтей
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz