Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев дәстүр бойынша "Күміс алқа" наградасын жосалылық Ақнұр Қатжановаға табыстады.
Алты баланың анасы отағасы Қанат пен округте көп жылдық екпе егумен және асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысуда.
Қазіргі таңда тұла бойы тұңғышы Арафат Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті болса, кенжесі Хақназар мектеп жасына жетпеді.
Аудан әкімі Т.Төреғалиев еңбекқор отбасына амандық тілесе, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева көпбалалы ананың жігерлілігіне тәнті болып, ақжарма тілегін жаудырды.
Айжан Бауыржақызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz