Бүгін Жаңақала ауданында аудандық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясының отырысы өтті.
Сессия отырысының модераторы аудандық мәслихат төрағасы Қамбар Қаменов күн тәртібіндегі мәселелерді хабарлады. Жиынға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен аудандық 11 мәслихат депутатының барлығы қатысты.
Алдымен күн тәртібіне қойылған мәселе негізінде Қызылоба ауылдық округінің әкімі Аманжол Жұмағазиев пен Көпжасар ауылдық округінің әкімі Нұрбол Бектілеу тоғыд айда атқарылған жұмыспен таныстырды.
Дәлірек айтсақ, 1735 тұрғыны бар Көпжасар ауылының жергілікті бюджетінің атқарылуы бойынша 36 миллион 895 мың теңгені құраса, 1574 тұрғыны бар Қызылоба ауылына биыл 36 миллион 740 мың теңге қаржы қарастырылған.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласы бойынша Көпжасар ауылдық округінде 113, Қызылоба ауылдық округінде 68 кәсіптік субъекті бар. «Ауыл аманаты» жобасы аясында Көпжасарда екі адам, Қызылобада алты адам жеңілдікпен несие алып, кәсіптерін жүргізуде.
Аталған округ әкімдері денсаулық, білім, әлеуметтік салаға да тоқталып, алдағы атқарылмақ істердің жоспарларымен бөлісті.
Сессия отырысында келесі сөз кезегін алған аудандық әкім аппаратының басшысы Айдар Қаресов «Жаңақала ауданының құрметті азаматы» атағына ұсынылған азаматтардың тізімімен таныстырды.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №31-1 «2023-2025 жылдарға арналған бюждет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасына өзгерістер енгізілуіне байланысты сессия отырысы ашық қалдырылды.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz