Бүгін Көпжасар ауылдық округінің еңбек ардагері, зейнетке шыққан соң да бірнеше жыл аталмыш округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы болып, қоғамдық іс-шараларға белсене араласқан, ауданымыздың құрметті азаматы Аманжан Имашұлы мерейлі 75 жасқа толды.

Осыған орай, Жаңақала ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырғали Үмбетәліұлы мен алқа мүшелері Тыныштық Өтешқалиұлы, Ермек Меңдіхан, Марат Нұрғалиев арнайы барып, Қайырғали Жайымов аудан әкімінің және аудандық ардагерлер кеңесінің атынан ізгі тілегін арнады.
Сонымен қатар, Көпжасар ауылдық округінің әкімі Нұрбол Серікұлы мен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Жантөре құттықтау тілегін білдіріп, сый-сияпат көрсетті.
Фариза Махамбетова
Жаңақала ауданы